1 күн бұрын
Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев Венгриядағы турнирін аяқтады
82 келі салмақта сынға түскен қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Венгрия астанасында өтіп жатқан жарыста жүлдесіз қалады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Демеу Жадыраев алғашқы белдесуінде Ақжол Махмудовты жеңгенімен, кейін әлем чемпионы, түркиялық Бухран Акбулакқа жол берді. Тартысты өткен белдесу 7:6 есебімен түркиялық балуанның пайдасына аяқталды.
Алайда келесі кезеңде Бухран Акбулак Бахрейн өкілі Шахин Бадахимофрадпен кездесіп, 1:8 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Демеу Жадыраевты жеңген қарсылас финалға шыға алмады. Ал ширек финалда жеңілген қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов