21 сағат бұрын
Исхар Құрбаев Мажарстандағы турнирде қола жүлдегер атанды
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Исхар Құрбаев Будапештте (Венгрия) өткен беделді халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде ол үндістандық Лалит Лалитті жеңді.
Құрбаев кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, техникалық басымдықпен 18:10 есебімен жеңіске жетті.
Исхар қола жүлде үшін белдесуге жұбаныш кезеңі арқылы жолдама алды. Ол ширек финалда кейін финалға шыққан өзбекстандық Ихтиёр Ботировқа 5:6 есебімен есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола медаль үшін кіші финалға шықты.
Еске салсақ, Имре Пойяк, Янош Варга және Иштван Козма атындағы халықаралық турнир 15–19 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов