20 сағат бұрын
Ернұр Фидахметов Мажарстандағы турнирдің финалында белдесуден бас тартты
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ернұр Фидахметов Будапештте (Венгрия) өткен беделді халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық балуан Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековпен белдесуі тиіс еді. Алайда алған жарақатына байланысты Ернұр шешуші белдесуге шыға алмай, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Еске салсақ, Ернұр Фидахметов финал жолдамасын жартылай финалда жерлесі Ербол Камалиевті 10:6 есебімен жеңу арқылы қамтамасыз еткен болатын.
Ернұр Фидахметовтің күміс жүлдеге дейінгі жолы:
- 1/8 финал: Ернұр Фидахметов – Анвар Аллахияров (Ресей) – 6:3
- 1/4 финал: Ернұр Фидахметов – Мехрой Бахрамов (Өзбекстан) – 2:1
- 1/2 финал: Ернұр Фидахметов – Ербол Камалиев (Қазақстан) – 10:6
- Финал: Ернұр Фидахметов – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) – жарақатына байланысты белдесуге шықпады
Еске салсақ, Имре Пойяк, Янош Варга және Иштван Козма атындағы халықаралық турнир 15–19 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов