Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 күн бұрын

Қазақстандық балуандар Будапештте үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуандар Будапештте үш медаль жеңіп алды

Венгрияның Будапешт қаласында өткен халықаралық рейтингтік күрес турнирінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Жарыстың соңғы күнінде грек-рим күресінің жүлделері сарапқа салынды. Нәтижесінде қазақстандық балуандар бір күміс және екі қола медаль еншіледі.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Фидахметов финалда Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Исхар Курбаев қола медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Лалитті жеңіп шықты.

Бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта Дінмұхаммед Қошқар да қола медаль жеңіп алған болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан