21 сағат бұрын
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстан құрамасының грек-рим күресінен екі балуаны Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әли Алмас жартылай финалда армениялық Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін ол ресейлік Солтан Юсуповпен белдеседі.
55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманали да шешуші кезеңге жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан болгариялық Данимир Йордановты 8:1 есебімен айқын жеңді.
Финалда Аманалидың қарсыласы Мажарстан өкілі Кеве Ковач болады.
Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық белдесулері бүгін, 28 шілдеде өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан