7 сағат бұрын
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.
Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.
Сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан