5 сағат бұрын
Әйелдер күресі жөніндегі жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық күрес федерациясында әйелдер күресі жөніндегі жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, жеп хабарлайды Sport12.kz
Жиынға федерация басшылығы, спортты дамыту бөлімінің өкілдері, ұлттық құрама бапкерлері мен сала мамандары қатысты.
Федерацияның атқарушы директоры Анатолий Волоханың төрағалығымен өткен кеңесте өңірлердегі әйелдер күресінің қазіргі жағдайы, спорттық резервті даярлау және ұлттық құрамаға перспективалы балуандарды іріктеу мәселелері қаралды.
Жиында әйелдер күресі бойынша жаттықтырушылар кеңесінің құрамы мен жұмыс тәртібі таныстырылды. Бұдан былай спортшыларды даярлау, ұлттық құрама жасақтау және резервпен жұмыс істеуге қатысты ұсыныстар алдымен осы кеңестің талқылауына шығарылатын болады.
Шара қорытындысы бойынша өңірлерде жаңа бөлімшелер ашу, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт интернаттарындағы даярлық жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ұлттық спорттық даярлық стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Біздің серіктес: Sport12kz