8 сағат бұрын
Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатында топ жарды
Фото:ҰОК
Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабек алтын медаль жеңіп алды.
Еркін күрестен ел намысын қорғаған Бақдәулет Ағабек финалда Үндістан өкілі Аарьян Аарьянмен белдесті. Қазақстандық балуан қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Бақдәулет Ағабек турнирде барлығы бес белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Іріктеу кезеңінде ол Тәжікстан балуаны Муслихиддин Ходжиевті, 1/8 финалда Болгария өкілі Эмир Джеватовті, 1/4 финалда Моңғолия балуаны Тэмүүлэн Өсөхбаярды 10:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда 2026 жылғы U17 Азия чемпионы Фаррух Махмудовтан 7:3 есебімен басым түсті
Біздің серіктес: Sport12kz