Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Фото:UWW

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті.

Еркін күрестен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мардан Орынбасар үшінші орын үшін белдесуде грузиялық Давит Мдзевашвилимен белдесті. Ол тартысқа толы күресте қарсыласын 5:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ал 71 келіге дейінгі салмақта Әділет Рысбай да үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық балуан қола медаль үшін болған белдесуде Түрікменстан өкілі Мекан Хыдайбереновпен белдесіп, 6:4 есебімен басым түсті.


Біздің серіктес: Sport12kz