1 күн бұрын
Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының балуандары Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде үш жүлде жеңіп алды.
Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Бақытжан Қабдыл күміс медаль иеленді.
Еркін күресте 61 келіге дейінгі салмақта Алан Оралбек финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал 79 келіге дейінгі салмақта белдескен Диас Сағдатов қола медальға қол жеткізді.
Айта кетейік, халықаралық турнирге әлемнің 24 елінен 433 спортшы қатысты.
Біздің серіктес: Sport12kz