6 сағат бұрын

Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Қазыбек Қалмағамбетов Братиславада (Словакия) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

67 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда Қалмағамбетов венгриялық Петро Житовозбен белдесіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық балуан кем дегенде күміс медальға кепілдік берді.

Финалда Қалмағамбетов Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен кездеседі. Шешуші белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.

Ал тағы бір қазақстандық Еркебұлан Анапия 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресті. Үшінші орын үшін белдесуде ол ирандық Амир Саеди Навеге есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.



Біздің серіктес: Sport12kz