5 күн бұрын
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтынына таласады
Қазақстандық балуан Қазыбек Қалмағамбетов Братиславада өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды. Ол ендң 67 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдеге таласады.
Қазыбек Қалмағамбетов шешуші белдесуге дейін төрт қарсыласын жеңді. Жарысты барысында ол Германия өкілі Себастьян Вагнерді 9:0 есебімен ұтты. Кейңн қазақстандық спортшы кейін АҚШ балуаны Амрын Брайан Наттерден басым түсті.
Ширек финалда Қазыбек U23 әлем чемпионы Мысыр балуаны Мұхаммед Хасан Абдельрахимді 4:1 есебімен жеңді. Ал ол финал жолдамасы үшін Мажарстанның Еуропа чемпионы Петр Житовоздан 7:5 есебімен тізек бүктірді.
Енді қазақстандық балуан әлем чемпионатының алтын медалі үшін Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен өзара мықтыны анықтайды. 
Ал 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Еркебұлан Анапия қола медаль үшін белдесуде ирандық Амир Саеди Навадан 3:5 есебімен жеңіліп, турнирді бесінші орынмен аяқтады. Бұдан өзге Марлан Бақаев (72 кг) болса, жұбаныш белдесуінде бақ сынап, жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz