4 күн бұрын
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері халықаралық күрес жарыстарында жүлде алды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері халықаралық күрес додаларында сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
15-17 тамыз аралығында Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Grand Prix of Germany халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды. Оның екеуін Ұлттық ұланның әскери қызметшілері иеленді.
5513 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Юсуп Ашрапов пен 6636 әскери бөлімінің ефрейторы Айбек Айтбеков өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар 13-15 тамыз аралығында Мәскеуде әскери қызметшілер арасында өткен әлем чемпионатында 6636 әскери бөлімінің ефрейторы Болат Сапар 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандық балуан Ресей Федерациясының спортшысына есе жіберді.
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің халықаралық аренадағы жетістігі Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесіне елеулі үлес қосты.
Біздің серіктес: Sport12kz