6 сағат бұрын
Қазақ күресінің ардагері Таңат Сағындықов өмірден озды
Қазақ күресінің ардагері, белгілі бапкер Таңат Сағындықов өмірден озды. Қаралы хабарды Қазақстан күрес федерациясы жеткізді.
Таңат Өмірзақұлы — КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінің ардагері. Ол саналы ғұмырын отандық күрестің дамуына арнап, талай балуанның үлкен спортқа қадам басуына ықпал етті.
Білікті маман әр жылдары ұлттық құраманы басқарып, жас спортшыларды жарыстарға дайындады. Оның шәкірттері ел намысын халықаралық додаларда қорғап, күрес мектебінің қалыптасуына үлес қосты.
Қазақстан күрес федерациясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, Таңат Сағындықовтың отандық күреске сіңірген еңбегін атап өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz