3 күн бұрын
Асамбек Бекасыл әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Словакияда күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Асамбек Бекасыл жартылай финалға жолдама алды.
Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Ресей балуаны Зелимхан Чаниевпен белдесіп, қарсыласын 10:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін Асамбек Бекасыл жарыстың іріктеу кезеңінде Қытай өкілі Анчао Луды, ал 1/8 финалда Украина балуаны Артем Тисногузды 10:0 есебімен ұтқан еді.
Енді қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына берілетін жолдама үшін күреседі.
Біздің серіктес: Sport12kz