Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Суонси Суонси 0:0 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 2:1 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол КПР КПР 0:0 Аяқталды Болтон Болтон Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 2:2 Аяқталды Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 1:2 Аяқталды Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 0:1 Аяқталды Лидс Лидс Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 2:1 Аяқталды Сандерленд Сандерленд Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 3:1 Аяқталды Сток Сток Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 1:1 Аяқталды Уотфорд Уотфорд Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 2:0 Аяқталды Кристал Пэлас Кристал Пэлас Примейра-лига Футбол Маритиму Маритиму 2:2 Аяқталды Академику де Визеу Академику де Визеу Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 1:3 Аяқталды Севилья Севилья Лига 1 Футбол Ланс Ланс 5:2 Аяқталды Осер Осер Германия кубогы Футбол Айнтрахт Трир Айнтрахт Трир 0:6 Аяқталды Лейпциг Лейпциг Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 3:0 Аяқталды Тоттенхэм Тоттенхэм Серия А Футбол Удинезе Удинезе 1:1 Аяқталды Комо Комо Серия А Футбол Интер Интер 4:1 Аяқталды Монца Монца Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 0:0 Аяқталды Сельта Сельта Бірінші лига Футбол Левски Левски 6:0 Аяқталды Спартак Варна Спартак Варна Суперлига Футбол Цюрих Цюрих 1:2 Аяқталды Базель Базель

9 сағат бұрын

Жас әлем чемпионына әкім темір тұлпар сыйлады

Жас әлем чемпионына әкім темір тұлпар сыйлады

Грек-рим күресінен U20 әлем чемпионы Қазыбек Қалмағамбетов туған жері Ақтөбеге оралды.

Словакияда өткен әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген 19 жастағы балуанды Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ата-анасы, туыстары мен жүздеген жерлесі қарсы алды.

Қарсы алу рәсіміне Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысып, жас балуанды жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ Қазыбек Қалмағамбетовке облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен автокөлік сыйға тартылды. Темір тұлпардың кілтін Мейрамбек Махамбетов салтанатты түрде табыстады.

Қазыбек Қалмағамбетов Словакиядағы әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, ақтық сынға жолдама алды. Ал алтын жүлде үшін белдесуде Беларусь балуаны Михаил Марковскиймен белдесіп, 13:7 есебімен басым түсті.

Осылайша ол Ақтөбе облысының тарихында грек-рим күресінен U20 санатында әлем чемпионы атанған алғашқы балуан болды.


Біздің серіктес: Sport12kz