24.08.2026
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрдәулет Сейілбеков Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде молдовалық Каталин Спинуды 11:1 есебімен жеңсе, ширек финалда түркиялық Умут Услудан 3:1 есебімен басым түсті.
Отанадасымыз жартылай финалда америкалық Джейдан Джеймспен белдесіп, 4:13 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Кіші финалда ол италиялық Алессио Перентиноны 10:5 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz