28.08.2026
Қазақстандық балуандар Арменияда алты медаль жеңіп алды
Ереванда еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының балуандары жарыста 1 алтын және 5 қола медаль иеленді.
79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл турнир жеңімпазы атанды.
Ал Еламан Амангелді (57 кг), Мерей Базарбаев (61 кг), Мағжан Жанырбай (86 кг), Нұрдәулет Бекенов (97 кг) және Алимжан Салимжан (125 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz