Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Динамо Динамо 2:0 Аяқталды Югра Югра Еуропа чемпионаты U19 Футбол Аустрия U19 Аустрия U19 18:00 21.09 Англия U19 Англия U19 Қазақстан чемпионаты Хоккей Торпедо Торпедо 1:2 Аяқталды Горняк Горняк Еуропа чемпионаты Волейбол Бельгия Бельгия 3:1 Аяқталды Чехия Чехия ВХЛ Хоккей ВВС ВВС 6:4 Аяқталды Молот Молот ВХЛ Хоккей Нефтяник Нефтяник 3:4 Аяқталды Торос Торос ВХЛ Хоккей Рязань Рязань 4:3 Қос. уақытта Дизель Дизель ВХЛ Хоккей Калуга Калуга 6:0 Аяқталды Тамбов Тамбов КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 3:2 Қос. уақытта Лада Лада Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Якуб Врба Якуб Врба 0:2 Аяқталды Спенсер Джонсон Спенсер Джонсон Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Озан Барис Озан Барис 2:1 Аяқталды Алекс Рыбаков Алекс Рыбаков Челленджер Сан-Диего 2 Теннис Олукайоде Айени Олукайоде Айени 0:2 Аяқталды Эван Жу Эван Жу Челленджер Генуя 2 Теннис Хуан Крус Мартин Мансано Хуан Крус Мартин Мансано 1:0 2-сет Самуэль Пиери Самуэль Пиери Еуропа чемпионаты Волейбол Словения Словения 2:0 3-сет Сербия Сербия Сингапур женщины Теннис Мария Саккари Мария Саккари 16:40 Бүгін Линда Фрухвиртова Линда Фрухвиртова Суперкубок Турции Баскетбол Фенербахче Фенербахче 22:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 22:45 Бүгін Лозанна Лозанна Лига Магнус Хоккей Англет Хормади Англет Хормади 23:30 Бүгін Шамони Шамони Лига АБА Баскетбол Борац Чачак Борац Чачак 23:00 Ертең Мега Мега Ла Лига Футбол Леванте Леванте 23:00 21.10 Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао

04.09.2026

Шымкентте жаңа күрес залы ашылды

Шымкентте жаңа күрес залы ашылды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласындағы №149 «Келешек» мектебінде оқушыларға арналған жаңа күрес залы ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл Қазақстан күрес федерациясының «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында өңірлерде атқарып жатқан жұмысының жалғасы.

Салтанатты шараға Қазақстан күрес федерациясының бірінші орынбасары Дархан Сәрсенов, Шымкент қаласының спорт және білім басқармаларының өкілдері, спорт жанашырлары, федерация мүшелері мен жаттықтырушылар қатысты.

Шара барысында сөз алған Дархан Сәрсенов мектеп ұжымын және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасовтың құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ Федерация атынан мектеп басшылығына жаңа күрес кілемінің сертификатын табыстады.

Жаңа залдың ашылуы №149 «Келешек» мектебінің оқушыларына сабақтан тыс уақытта өз мектебінде күреспен тұрақты айналысуға мүмкіндік береді. Балаларға спорт секциясына бару үшін басқа ауданға немесе арнайы спорт мектебіне қатынаудың қажеті болмайды. Ал жаттықтырушылар үшін бұл мектеп қабырғасынан күреске бейімі бар балаларды анықтап, оларды жүйелі дайындыққа тартуға жол ашады.

«Мектеп күрес лигасының» түпкі мақсаты да осы, күресті балаларға барынша қолжетімді ету және спортты мектеп өмірінің бір бөлігіне айналдыру. Жоба жасөспірімдерді тұрақты дене белсенділігіне тартумен қатар, қабілетті балуандарды ерте анықтап, олардың кейінгі спорттық дамуына бастапқы негіз қалыптастыруды көздейді.

Атап айтқанда, маусым айында Астана қаласындағы №114 мектеп-гимназиясында ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан күрес федерациясы арасында мектептерде грек-рим, еркін және әйелдер күресін дамытуға бағытталған бірлескен жұмыс басталған болатын.

Осы бағыттағы жұмыс бүгінде бірнеше өңірде жалғасып келеді. Бұған дейін Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы мектептерде күрес залдары ашылса, тамыз айының соңында Көкшетаудағы Техникалық мектеп-лицейінде де жаңа зал пайдалануға берілді. Кейін Қарағандыда Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте де «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында жабдықталған зал жұмысын бастады.

Маңызды жобаның болашақтағы міндеттерінің бірі – мектептердің жеке күрес командаларын қалыптастырып, балаларды маусым бойы тұрақты жарыс тәжірибесімен қамтамасыз ету.

Жалпы, «Мектеп күрес лигасы» аясында республика бойынша 60-тан астам мектепті мобильді және стационарлық күрес кілемдерімен жабдықтау жоспарланған. Соның нәтижесінде 3,5 мыңнан астам оқушының грек-рим, еркін және әйелдер күресімен тұрақты айналысуына жағдай жасалмақ.

№149 «Келешек» мектебіндегі жаңа күрес залы осы ауқымды жұмыстың Шымкенттегі кезекті нысаны. Жаңа оқу жылын жаңа спорттық мүмкіндікпен бастаған мектеп оқушылары енді алғашқы жаттығуын өз мектебінде өткізіп, күрестегі жолын осы жерден бастай алады.


Біздің серіктес: Sport12kz