07.09.2026
Қырғызстанда 5 дүркін Олимпиада чемпионына ерекше құрмет көрсетті
Күрес тарихындағы ең үздік спортшылардың бірі Михаин Лопес Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына құрметті қонақ болды.
Кубалық балуанды Алыш федерациясы арнайы шақырды.
Бес дүркін Олимпиада чемпионын Қырғызстан жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алды. Жергілікті жанкүйерлер атақты спортшыға құрмет көрсетті.
Михаин Лопес Олимпиада ойындарында бес рет алтын медаль жеңіп алған. Ол бұл жетістікке 2004, 2008, 2012, 2016 және 2020 жылдары жетті.
Кубалық балуан әлем чемпионаттарында да бес рет топ жарды. Ол 2005, 2007, 2009, 2010 және 2014 жылдары әлем чемпионы атанды.
Лопес 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтады. Ол грек-рим күресінің тарихындағы ең ұлы балуандардың бірі.
Біздің серіктес: Sport12kz