14.09.2026
Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды
Арменияның Ереван қаласында ересектер арасында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталып, Қазақстан құрамасы сегіз медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, америкалық Захид Валенсиямен кездесіп, 12:11 есебімен жеңіске жетті. Осы салмақта Рүстем Мырзағалиев қола жүлдеге ие болды.
65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.
Жарыстың екінші күнінде 61 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Картбай күміс жүлдегер атанды. Ал Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін) және Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz