15.09.2026
Танымал спортшы жұмыс орнында қаза болды
Грек-рим күресінен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан чемпионы атанған Тілектес Әділ Түркістан облысында өндіріс орнында қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға плитка шығаратын кәсіпорында жұмыс кезінде болған. Марқұмның досының айтуынша, Тілектес Әділ биіктікте жұмыс істеп жүргенде абайсызда электр сымына тиіп, тоқ соққан. Осыдан кейін спортшы биіктіктен құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қайғылы жағдайдың нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Тілектес Әділ грек-рим күресінен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында өнер көрсеткен. Ол 2019 жылы Қазақстан чемпионы атанып, кейін де спортпен шұғылданған.
Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz