Матч орталығы
Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Бүгін Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Бүгін Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Бүгін Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Бүгін Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Андерлехт Андерлехт 00:00 Ертең Лион Лион Еуропа лигасы Футбол Милан Милан 00:00 Ертең Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Сандерленд Сандерленд 00:00 Ертең АЗ АЗ Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 Ертең Ренн Ренн Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 Ертең Целе Целе Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 Ертең Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 Ертең Динамо Динамо Ла Лига Футбол Барселона Барселона 00:30 Ертең Расинг Расинг Ла Лига Футбол Леванте Леванте 00:30 Ертең Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Ертең Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Астана Астана 19:00 Ертең Қайрат Қайрат Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 20:00 Ертең Ордабасы Ордабасы Еуропа лигасы Футбол Левски Левски 21:45 Ертең Зальцбург Зальцбург Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 21:45 Ертең Хоффенхайм Хоффенхайм Ла Лига Футбол Бетис Бетис 22:00 Ертең Хетафе Хетафе Еуропа лигасы Футбол Кристал Пэлас Кристал Пэлас 00:00 18.09 Лех Лех

3 сағат бұрын

28 жастағы Қазақстан чемпионы қайғылы жағдайда көз жұмды

28 жастағы Қазақстан чемпионы қайғылы жағдайда көз жұмды

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы күрестен Қазақстан чемпионы Әділ Тілектес Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде жұмыс кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Sport12.kz.

28 жастағы спортшы керамикалық плитка өндіретін зауытта жұмыс істеген. Ақпаратқа сәйкес, ол жұмыс барысында электр сымына абайсызда тиіп, ток соққаннан кейін биіктіктен құлап кеткен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 12 қыркүйекте болған.

«Қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында жұмысшының қаза болуына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жұмыс барысында электр тогының соғуынан өлімге әкелген жарақат алған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Әділ Тілектес 1998 жылы туған. Ол еркін және грек-рим күресімен айналысып, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарға қатысқан.

2018 жылы Ақтөбеде өткен Қазақстан Республикасының II Спартакиадасында 55 келіге дейінгі салмақта грек-рим күресінен чемпион атанды. Ал 2019 жылы Қостанайда ересектер арасындағы Қазақстан командалық чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта бірінші орын алды. Спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше рет жүлдеге ие болған.

Әділ Тілектестің артында жары мен екі баласы қалды.



Біздің серіктес: Sport12kz