6 күн бұрын
Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
23 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды.
Жарыс 12–18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Еркебұлан Кешубаев он салмақта өнер көрсететін балуандарды анықтады.
Қазақстан құрамасы:
57 кг – Еламан Амангелді (Ұлытау облысы)
61 кг – Нұрданат Айтанов (Жамбыл облысы)
65 кг – Шерхан Әбіл (Алматы)
70 кг – Майс Әлиев (Маңғыстау облысы)
74 кг – Нұрдәулет Сейілбеков (Атырау облысы)
79 кг – Ерхан Әбіл (Алматы)
86 кг – Абылайхан Үзембаев (Жетісу облысы)
92 кг – Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)
97 кг – Нұрдәулет Бекенов (Шығыс Қазақстан облысы)
125 кг – Әлімжан Сәлімжан (Ақтөбе облысы)
Қазақстан құрамасы сапында халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген Майс Әлиев пен Камиль Куруглиев бар.
Біздің серіктес: Sport12kz