6 күн бұрын
Әйелдер күресінен әлем чемпионатын қатысатын құраи анықталды
Қазақстанның әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі құрамасынан әлем чемпионатына қатысатын балуандары белгілі болды.
Биылғы әлем біріншілігі 12–18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылады. Қазақстан атынан он балуан белдеседі.
Құрама сапы:
50 кг – Лаура Ғаникызы (Алматы)
53 кг – Динара Дауылқызы (Алматы облысы)
55 кг – Шұғыла Өмірбек (Түркістан облысы)
57 кг – Анна Стратан (Солтүстік Қазақстан облысы)
59 кг – Виктория Хусаинова (Ақмола облысы)
62 кг – Тыныс Дубек (Алматы облысы)
65 кг – Жаныл Бекен (Алматы)
68 кг – Ұлдана Тілеухан (Алматы)
72 кг – Жібекжан Сабыржанова (Қызылорда облысы)
76 кг – Алина Ертөстік (Алматы)
Жанкүйерлердің назары 55 келі салмақтағы Шұғыла Өмірбекке ауды. Түркістан облысының өкілі биыл 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында топ жарған.
Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Владислав Сутормин үшін бұл – маңызды халықаралық жарыстардың бірі. Маман аталған қызметтегі алғашқы ірі додасына бірнеше ай бұрын 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында шыққан.
Біздің серіктес: Sport12kz