5 күн бұрын

Грозныйдағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар екі қола медаль жеңіп алды

Грозныйдағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар екі қола медаль жеңіп алды

Ресейдің Грозный қаласында еркін күрестен халықаралық турнир өтіп, Қазақстан құрамасының өкілдері екі қола медаль иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша 65 келіге дейінгі салмақта Шаттық Алайдар, ал 70 келіге дейінгі салмақта Майис Алиев жүлделі үшінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған бәсекені екі қола медальмен қорытындылады.


Біздің серіктес: Sport12kz