4 сағат бұрын
Азиада-2026: еркін күрес шеберлері кімдермен кездеседі?
Фото: Olympic.kz
2026 жылғы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасы балуандарының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық бәсекеде Нұрданат Айтанов (57 келі) камбоджалық Сопхорса Соэумен кездессе, Начын Куулар (65 келі) тәжікстандық Абдулмажид Кудиевпен шеберлік байқасады.
Ал Нұрқожа Кайпанов (74 келі) пәкістандық Инам Уллах, Азамат Дәулетбеков (86 келі) жапониялық Хаято Ишигуро, Едіге Қасымбек (125 келі) үндістандық Рухал, Ризабек Айтмұқан (97 келі) тәжікстандық Иса Шапиевпен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz