24.11.2024

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі өтеді

Түркістанда қазақ күресінен әлем кубогі өтеді

qazaqkuresi.kz

25-26 қараша аралығында Түркі әлемінің рухани астанасы, қасиетті Түркістан төрінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогі өтеді.

«Олимпик Арена» спорт кешенінде өткізілетін бұл дүбірлі күрес бәсекесіне 9 елдің, яғни Қазақстан,  Грузия, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан және Моңғолияның 150-ге жуық спортшысы қатысып, өзара кіл мықтыны анықтайды.

Қазақ даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған доданың бағдарламасына сәйкес, балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежесінде белдесетін болады.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге қаржылай сыйлық қарастырылған. Атап айтқанда, Әлем кубогінің жеңімпаздарына 500 мың теңгенің, сәйкесінше күміс және қола жүлдегерлеріне 300 және 200 мың теңгенің сертификаттары табысталады.

Сонымен қатар, жеңімпаздардың жаттықтырушыларына 200 мың теңгеден ақшалай сыйлық бар.

 


Әлиевтің эксперименті: Жас ойыншылар сенімді ақтады ма?

Футбол 42 минут бұрын

Әлиевтің эксперименті: Жас ойыншылар сенімді ақтады ма?

Шаңғыдан әлем чемпионатына баратын құрам анықталды

Басқа 1 сағат бұрын

Шаңғыдан әлем чемпионатына баратын құрам анықталды

Шахматтан қазақ қызы халықаралық турнирде чемпион атанды

Басқа 1 сағат бұрын

Шахматтан қазақ қызы халықаралық турнирде чемпион атанды

Роналдиньо тарихтағы ең үздік футболшыны атады

Футбол 1 сағат бұрын

Роналдиньо тарихтағы ең үздік футболшыны атады

Жаппай төбелеске қатысқан «Бейбарыс» пен «Арлан» хоккейшілері айыппұл төлейді

Хоккей 1 сағат бұрын

Жаппай төбелеске қатысқан «Бейбарыс» пен «Арлан» хоккейшілері айыппұл төлейді

Ойыннан кейін бір команданың екі футболшысы көз жұмды

Футбол 2 сағат бұрын

Ойыннан кейін бір команданың екі футболшысы көз жұмды