Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

18.02.2025

Қазақ күресінен әлем чемпионатында кімдерге үміт артамыз?

Қазақ күресінен әлем чемпионатында кімдерге үміт артамыз?

Фото: «Қазақстан Барысы» баспасөз қызметі

Қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары анықталды.

26-27 ақпан күндері аралығында Үндістанның Дели қаласында ересектер арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Осыған орай, қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасының 1-2 нөмірлі өкілдері Алматы қаласындағы Al-Farabi спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Әлем чемпионатында еліміздің атынан бозкілемде белдесетін спортшылар:

Ерлер:

  • Төлепов Бекжан (Жетісу обл.)
  • Берекетов Мейіржан (СҚО)
  • Аманшүкіров Нұр (Жамбыл обл.)
  • Қожамбеков Жұмажан (Шымкент қ.)
  • Сейітқазынов Ерсін (Абай обл.)
  • Ғалымов Айдос (Ұлытау обл.)
  • Мұзаппаров Ерсұлтан (Шымкент қ.)
  • Жарылғапов Нұрдәулет (Маңғыстау обл.)

Әйелдер:

  • Жылқыбаева Айжан (Түркістан обл.)
  • Адасхан Аружан (Жамбыл обл.)
  • Нұрмахамметова Рауза (Жамбыл обл.)
  • Елубай Гүлім (Алматы обл.)
  • Сарипова Зарина (Абай обл.)
  • Нысантайқызы Роза (Абай обл.)
  • Әділова Ұлболсын (Шымкент қ.)
  • Бахиева Альбина (Шымкент қ.)

Оқу-жаттығу жиыны 24 ақпан күні аяқталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан