02.03.2025
15 жасар қазақстандық фристайлшы әлем кубогының финалына шықты
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық фристайлшы Асан Асылхан Алматыда өтіп жатқан фристайл-акробатикадан әлем кубогының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.
Асан іріктеу кезеңінде 101.01 ұпай жинап, 16 орынға тұрақтады.
Енді отандасымыз турнирдің екінші финалында өнер көрсетеді.
Еске салсақ, 15 жасар Асан Асылхан IX Қысқы Азия ойындарында командалық жарыста сынға түсіп, Аяна Жолдас және Шерзод Хаширбаевпен бірге күміс медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи