2 сағат бұрын
Бокстан әлем кубогында Жансері Көшербаев жарысты аяқтады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем кубогында 20 сәуірде ел құрамасынан Жансері Көшербаев (60 келі) жаоыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 1/16 финалда ирландиялық Джуд Галлахерпен кездесті.
3 раунд бойы қос боксшы шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, жоғары қарқында жұдырықтасты. Нәтижесінде соққылар алмасу барысында дәлдік танытқан Джуд Галлахер төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.
Енді ел құрамасынан бүгін енді күндізгі сессияда 10-жұпта 1/8 финалда Дәулет Төлемісов бразилиялық Фильо Исайаспен қолғап түйістіреді.
Ал кешкі сессияда 4-жұпта 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов (70 келі) ирландиялық Джон МакКоннел, 13-жұпта 1/16 финалда Диас Молжігітов (80 келі) жапониялық Кай Ториабемен шаршы алаңға шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан