9 сағат бұрын
Алуа Балқыбекова әлем кубогында ширек финалда сынға түседі
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 23 сәуірде ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық боксшы болгариялық Златислава Чукановамен қолғап түйістірді.
Қарсылас 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болса да, бұл жекпе-жекте Алуа арақашықтықты жақсы сақтап, қарымта шабуылда сәтті қимылдай білді. Есеп: 4:1. Алуа ширек финалға жолдама алды.
Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында алтын, күміс, қола медаль алса, екі мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) франциялық Хуго Граумен кездеседі.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.
Айта кетсек, ел құрамасынан 22 сәуірде әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева, Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов (80 келі) ширек финалға өтті.
Ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) қарсыластарына есе жіберді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан