7 сағат бұрын
Фарух Тоқтасынов әлем кубогынан шығып қалды
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының ширек финалдық айқастары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
70 келіде өз мүмкіндігін алған Фарух Тоқтасынов 1/4 финалда Әзербайжан боксшысы Наби Исгандаровпен қолғап түйістірді.
Отандасымыз 3 раунд бойы батыл түрде шабуылдап, басымдықты қолға алуға тырысты. Қарсылас та Фарухтың қорғанысының ашық қалған сәтін пайдаланып, ұпай жинады. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Әзербайжан өкіліне берді.
Бүгін Қазақстанның сегіз боксшысы медаль үшін жұдырықтасады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов