3 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы: Адамес түсініксіз бала екен
Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы доминиканалық былғары қолғап шебері Карлос Адаместің мәлімдесіне әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
– Анау Адамес қоймайды екен, иә (күліп). Біз Америкаға барсақ қашады. Ал Қазақстанда жүрсек қайта жекпе-жекке шақырыпты. Өзі бір түсініксіз бала екен. Күңкілі бітпейді әйтеуір. Бірақ өмір осындай адамдармен қызық қой. Арасында осылай сөйлеп, көңілді көтеріп қояды. Жарайсың Адамес, - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, отандасымыз допинг дауына байланысты тек 2026 жылдың желтоқсанында ғана рингке оралады.
Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов