2 күн бұрын
Канелоның залында жаттыққан отандасымыз 3 жылдан кейін жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (10-0, 8 КО) АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Павлов америкалық Антонио Дантон Элмен (6-5-2, 2 КО) жекпе-жек өткізді. Екінші жеңіл салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланып, қазақстандық боксшының төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Евгений Павлов кәсіпқой мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді. Aл Антонио Дантон Эл алтыншы рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Павлов соңғы рет 2023 жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Кевин Родригес Гарсияны (3-19, 1 КО) нокаутпен жеңген болатын. Содан бері қазақстандық боксшы рингке шықпаған.
Ол үзіліс кезінде 2024 жылы Қазақстан чемпионатында да бақ сынап, 60 келіде қола жүлдеге ие болған еді.
Жәнібек Әлімханұлы: Дензел Бентли менімен шығудан қорқады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов