2 сағат бұрын
Аида Әбікеева: Әлем кубогының күмісіне қанағаттанбаймын
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен әлем кубогының бірінші кезеңінде 65 келіде күміс жүлдегер атанған Аида Әбікеева пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Осымен Бразилиядағы Әлем кубогы аяқталды. Жарысты 2-орынмен аяқтадық.
«Осы нәтижеге қанағаттандың ба?» десеңіздер – жоқ деп айтамын. Менің көздегенім бірінші орын еді. Бірақ бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
Алда осы жылдың ең үлкен додасы, Азия ойындары. Сол уақытқа дейін қателіктермен жұмыс жасап, әлі де талай Қазақ елінің туын көкке желбіретуге барымды саламын», - делінген спортшының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Аида Әбікеева 2 дүркін әлем чемпионы саналады.
Қазақстан Әлем кубогында үшінші алтынға қол жеткізді
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов