15 сағат бұрын
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы отбасын құрды
Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан өзінің Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының мүшесінің үйлену тойынан видео жариялады.

Кадрларда жас жұбайлардың биі бейнеленген. Сабырханның жарияланымынан Тоғамбайдың қалыңдығының есімі Ақерке Өмірзақ екені белгілі болды.
«Құрметті Сағындық Тоғамбай мен Ақерке Өмірзақ, бақытты болыңыздар», — деп жазды Төрехан сторисінде.
Тоғамбай 90 келіде өнер көрсетеді. Ол 2024 жылы Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2026 жылы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері саналады.
Сонымен қатар, 2022 жылы Ханчжоу қаласында өткен XIX Азия ойындарында қола медаль иеленген.
Аида Әбікеева: Әлем кубогының күмісіне қанағаттанбаймын
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов