Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбеекстандағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбеекстандағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Өзбекстанның Янгиабад кентіндегі бокстан Қазақстан ерлер құрамасының қатысуымен бірлескен жаттығу жиыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл дайындыққа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корея құрамалары қатысты.

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, екінші Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткен әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.

Ал финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда өтеді. Дегенмен нақты күні мен жарыс өтетін қала әзірге белгіленген жоқ.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан