10 сағат бұрын
Cәкен Бибосынов көпшілік күтпеген жарысқа қатысып жатыр
Алматы қаласында Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры және Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған XXIX халықаралық бокс турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыстар Орталық спорт клубы армиясының базасында өтіп жатыр және дәстүрлі түрде қазақстандық бокстың болашақ жұлдыздары сынға түсетін негізгі алаңдардың бірі саналады.
Биылғы турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытайдан келген шамамен 130 спортшы қатысып жатыр. Қатысушылар үшін бұл жарыс тек медаль үшін емес, ұлттық құрама бапкерлерінің алдында өздерін көрсетіп, кәсіби мансапта үлкен қадам жасау мүмкіндігі ретінде қарастырылып отыр.
Көрермендердің ерекше назары Орталық спорт клубы армиясы командасының құрамына ауды. Командаға тәжірибелі спортшылармен қатар жас боксшылар да енген. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, Азияның 22 жасқа дейінгі чемпионы Бекнұр Батырбек, жақында ғана қайта шаршы алаңға қайта оралған Абзал Серік, 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Талғат Сырымбетов, сондай-ақ жастар біріншіліктерінің жеңімпаздары Нұрбол Мұхаметәлі, Абылай Сман және Дархан Дүйсебай бар.
Сәғадат Нұрмағамбетовтың құрметіне арналған турнир соңғы отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан спорты үшін маңызды әрі беделді жарыстардың біріне айналды. Осы жылдар ішінде бұл додада елді әлемдік аренада танытқан көптеген спортшылар бақ сынап, жеңіске жеткен.
Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әлем чемпионы және әлемге кеңінен танымал боксшы Геннадий Головкин, Олимпиада чемпиондары Василий Жиров, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, сондай-ақ әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бар.
Жекпе-жектер 13 салмақ дәрежесінде өтеді. Жеңімпаздарға спорт шебері атағы беріледі және турнир 29 мамырға дейін жалғасады.
Бокстан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов