Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Бокстан әлем кубогына кімдер барады?

Бокстан әлем кубогына кімдер барады?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шетелдік боксшылар ұзақ үзілістен кейін Қытайдағы ірі халықаралық жарысқа қайта қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы жазды.

Бұған дейін әлемнің өзге құрлықтарының басын қосқан ірі жарыс 2012 жылы (әйелдер арасындағы әлем чемпионаты) өткен болатын.

Әлем кубогына нешінші рет қатысып жатырмыз?

2025 жылы Қазақстан боксшылары Бразилия, Қазақстан, Үндістандағы Әлем кубогына қатысып, 12 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алса, 2026 жылы Бразилиядағы алғашқы кезеңде 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.

Құрам қаншалықты тәжірибелі?

Сәуір айындағы Бразилиядағы Әлем кубогымен салыстырар болсақ, ерлер құрамасының тізімі толықтай жаңартылса, әйелдер құрамасынан тек 2 ғана өзгеріс енгізілген.

Ерлер құрамасы

50 келі. Санжар Тәшкенбай

2025 жылы елорда төрінде топ жарған.

55 келі. Тимур Қабдешов

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Дебют.

60 келі. Серік Теміржанов

2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.

65 келі. Санатәлі Төлтаев

2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.

70 келі. Абылайхан Жүсіпов

2025 жылғы әлем және Қазақстан чемпионы. Екінші мәрте қатысады.

75 келі. Тимур Нұрсейітов.

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі. Дебют.

80 келі. Сабыржан Аққалықов

2025 жылы елорда төрінде топ жарған. Азия чемпионатынан кейін 75 келіден 80 келіге көтерілуге шешім қабылдады.

85 келі. Ешкім қатыспайды.

90 келі. Нұрбек Оралбай

2025 жылы елорда төрінде топ жарған. Азия чемпионатынан кейін 85 келіден 90 келіге көтерілді.

+90 келі. Айбек Оралбай

2025 жылы елорда төрінде топ жарған.

Ерлер құрамасы сапынан 60, 70, 80, 90 келідегі боксшылар үшін өте маңызды сынақ болмақ. Себебі, олар үшін жарыстың сәтті өтуі - Азия ойындарына бару мүмкіндігін арттырады.

Әйелдер құрамасы

51 келі. Алуа Балқыбекова

Бразилиядағы Әлем кубогының қола жүлдегері

54 келі. Назым Қызайбай

2025 жылы елорда төрінде топ жарған.

60 келі. Виктория Графеева

Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы

65 келі. Аида Әбікеева

Бразилиядағы Әлем кубогының күміс жүлдегері

70 келі. Лаура Есенкелді

65 келіде 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Дебют.

75 келі. Наталья Богданова

2025 жылы елорда төрінде топ жарған.

80 келі. Валерия Аксенова

Бразилиядағы Әлем кубогының чемпионы

+80 келі. Дина Исламбекова

Биылғы Азия чемпионы. Дебют

Аруларымыздың құрамы тұрақты болғанымен, бұған дейін өз салмағында жұдырықтасып жүрген Лаура Есенкелді, Наталья Богданова, Валерия Аксенова бір салмақ жоғары көтерілмек.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан