3 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылар 16 маусымда әлем кубогында қандай нәтиже көрсетті?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогының екінші күні мәресіне жетті. Нәтижесінде төрт отандасымыз жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
65 келі. 1/16 финал.
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан) - 2-раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты келесі кезеңге өтті.
Қос боксшы да алма кезек шабуылдармен алмасып, шиеленісті жекпе-жек өткізді. Бірақ 2-раундта Әзербайжан өкілі қабағынан жарақат алып, жеңіс Санатәлі Төлтаевқа берілді.
75 келі. 1/8 финал. В рингі.
Тимур Нұрсейітов - Тадхг Одонелл (Ирландия) - 3:2
Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда Ирландия спортшысы Тадхг Одонеллмен шеберлік байқасты.
Қос боксшы да бір-бірінің шабуылын күтіп, айқас 3 раунд бойы аңдысумен өтті. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
54 келі. 1/8 финал. А рингі.
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) - 5:0
3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориттерінің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) жолықты.
Отандасымыз 3 раундта да басымдық танытып, 4:1 есебімен басым түсті.
70 келі. 1/8 финал.
Лаура Есенкелді - Униа Мартинез Мас (Испания) - 5:0
Қазақстан чемпионы, 70 келіде алғаш рет жұдырықтасуға шешім қабылдаған Лаура Есенгелді 1/8 финалда Униа Мартинез Маспен (Испания) кездесіп, еш қиындықсыз барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.
55 келі. 1/16 финал. А рингі.
Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия) - 1:3
Тимур Қабдешов 1/16 финалда Бразилия боксшысы Келви Триндадпен жұдырықтасты.
3 раундқа жалғасқан бәсекеде төрешілер 3:1 есебімен Келви Триндадты жеңімпаз деп тапты.
90 келі. 1/4 финал.
Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан, Әлем чемпионы) - 2:3
Қос боксшы да алғашқы раундтан аянып қалмай, ауыр соққыларымен алмасып отырды. Нәтижесінде жекпе-жектің шешуші раундында Өзбекстан боксшысы дәлдік танытып, жеңісті өз жағына бұрды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан