6 сағат бұрын
Елдос Сайдалин Қазақстан әйелдер құрамасы қандай қателік жібергенін айтты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин алдағы мақсаты жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
- Қытайда өткен Әлем кубогінде бәсекелестік өте жоғары болды, әр салмақ дәрежесінде тартысты жекпе-жектер өтті. Боксшыларымыз жақсы тәжірибе болатындай мықты қарсыластармен жұдырықтасты. Дегенмен, қателіктер болды, алдағы уақытта соларды талдап, жұмыс істейміз.
Бұл жарыс - Азия Ойындарына дайындық. Жаттықтырушы ретінде құраманың боксына көңілім толады. Командамен алдағы уақытта бірлесе жұмыс жалғастырамыз. Аз ғана демалыстан соң бір айға АҚШ-қа аттанамыз. Ал, Жапония сапарының алдында Қазақстанда бірлескен жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар, - деді бас бапкер.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нұржан Насанов бокстан әлем кубогында ерлер құрамасының көсреткіші жөнінде айтты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан