Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Теміртас Жүсіповтің әйелі арызын қайтарып алды

Теміртас Жүсіповтің әйелі арызын қайтарып алды

instagram.com/qaz_team_official

2021 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіповке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жаңа мәлімет белгілі болды.

Orda.kz жазуынша, жұбайы Айжан Жүсіпова полицияға қарсы арыз жазып, күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұраған.

Алайда Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай қылмыстық істің тоқтатылуына негіз болмайды. Ведомствоның хабарлауынша, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қозғалған іс аясындағы сотқа дейінгі тергеу заң талаптарына сәйкес жалғасады.

Сонымен қатар, Теміртас Жүсіповке қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Соған сәйкес, ол жұбайының келісімінсіз онымен байланысқа шыға алмайды.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде спортшының жұбайын соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған болатын. Жәбірленушінің туыстары әйелдің ауруханаға жеткізілгенін айтып, істің әділ тергелуін талап етті. Алғашқы жарияланымдарда ауыр жарақаттар туралы мәліметтер айтылғанымен, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы ми ісінуі мен тұншығу туралы ақпаратты растамады. Ресми мәлімет бойынша, әйелге бас миының шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты, денесіндегі көгерулер мен сырылған жарақаттар диагнозы қойылған. Хирургиялық ем қажет болмағандықтан, ол келесі күні өз өтінішімен ауруханадан шыққан.

Теміртас Жүсіпов болған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жұбайымен арада отбасылық жанжал болғанын жоққа шығармады. Оның айтуынша, жанжал кезінде әйелін екі рет шапалақпен ұрғанын мойындаған. Сонымен бірге, спортшы өзіне де жұбайы тарапынан күш қолданылғанын айтып, олардың арасында ұзақ уақыттан бері отбасылық кикілжің болғанын жеткізді.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша іс бойынша түпкілікті құқықтық шешім қабылданады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан