Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бокстан Азия чемпионатында қай елдер көш бастады?

Бокстан Азия чемпионатында қай елдер көш бастады?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін Индонезия астанасы Джакарта U19 және U23 санаттары бойынша әйелдер арасында 20 салмақтың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.

Құрлықтық додада U23 санаты бойынша әйелдер арасында өзбекстандық боксшылар 9 (6 алтын, 1 күміс, 2 қола) медальмен көш бастады. Одан кейінгі орында Қазақстан 8 (3-3-2) жайғасса, үздік үштікті 9 (1-4-4) түйіндеді.

Медальдар кестесі

1. Өзбекстан - 9 (6-1-2)

2. Қазақстан - 8 (3-3-2)

3. Үндістан - 9 (1-4-4)

4. Жапония - 3 (0-1-2)

5. Моңғолия - 1 (0-1-0)

6. Оңтүстік Корея -3 (0-0-3)

7. Индонезия - 2 (0-0-2)

8. Қырғызстан - 1- (0-0-1)

9. Вьетнам - (0-0-1)

Ал U19 санаты бойынша қыздарымыз 3 алтын, 3 қола алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Көш басында 4 алтын, 2 күміспен Өзбекстан тұрса, үздік үштікті 2 алтын, 6 күміспен Үндістан түйіндеді.

1. Өзбекстан - 6 (4-2-0)

2. Қазақстан - 6 (3-0-3)

3. Үндістан - 8 (2-6-0)

4. Индонезия - 2 (1-1-0)

5. Тайпей - 4 (0-1-3)

6. Жапония - 4 (0-0-4)

7. Вьетнам - 4 (0-0-4)

8. Қырғызстан - 2 (0-0-2)

9. Таиланд - 1 (0-0-1)

10. Тәжікстан - 1 (0-0-1)

11. Оңтүстік Корея - 1 (0-0-1)

12. Моңғолия - 1 (0-0-1).

Еске салсақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде чемпиондық жолдың қиындықтары туралы әсерлі жазба жариялады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан