Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Қазақстан боксшылары Түркияда дайындығын аяқтады

Қазақстан боксшылары Түркияда дайындығын аяқтады

Фото: Қазақстан ҰОК

Түркияның Кастамону қаласында Қазақстан мен Түркия боксшыларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жиын 15 шілдеде Түркия бокс федерациясының жаттығу орталығында өтті. Әлеуметтік желілерде дайындықтың аяқталғаны туралы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов хабарлады.

- Түркияда оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Дайындық нәтижелі өтті. Енді біз елдің намысын қорғай отырып, алған тәжірибемізді қолдану үшін елге ораламыз, - деп жазды боксшы.

Қазақстан құрамасы құрамында Диас Берікбай, Даниял Сәбит, Бекзат Алдамжаров, Дамир Әбдіқадыр, Сәкен Бибосынов, Ерасыл Аманғалиев, Нұрсұлтан Алтынбек, Илья Калинин, Ертуған Зейнулинов, Алмат Әбдуали, Дархан Дүйсебай, Еркебұлан Шайкенов, Сержан Еркін, Азамат Бектас, Сұлтанбек Айбарұлы және Нұрлан Сапарбай бар.

Еске салсақ, Алматыда халықаралық деңгейдегі бокс кеші өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан