5 сағат бұрын
Әли Ахмедов IBO ұйымының чемпиондық белбеуін иеленді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Алматыда өткен кеште Оңтүстік Африка спортшысы Асемале Веллемді жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осы жеңістен кейін ол IBO ұйымының уақытша чемпиондық белбеуін иеленді.
Әли Ахмедов — екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері.
Мансабын әуесқой бокстан бастап, ұлттық және халықаралық жарыстарда тәжірибе жинаған. Оның техникасы мен рингтегі әрбір қадамын ойланып басып, ширақ қимылдауы оған кәсіпқой боксқа ауысуға мүмкіндік берді.
Мансабында 24 жекпе-жек өткізіп, 23 жеңіске жеткен (17-сі нокаутпен) және 1 рет жеңілген.
Сондай-ақ Балауса Мұздыман Алматыдағы бокс кешінде қырғызстандық Аделина Сатыбалдиевті төрешілер шешімімен жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан