Матч орталығы
Германия кубогы Футбол Верль Верль 0:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Серия А Футбол Болонья Болонья 0:1 Аяқталды Лацио Лацио Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 0:0 Аяқталды Леванте Леванте Уинстон-Сейлем мужчины Теннис Лоренцо Сонего Лоренцо Сонего 23:00 24.08 Вит Коприва Вит Коприва Бірінші лига Футбол Локомотив Локомотив 0:1 Аяқталды Арда Арда Серия А Футбол Рома Рома 4:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Германия кубогы Футбол Халлешер Халлешер 2:4 ОТ Шальке Шальке ЮС Опен, женщины Теннис Клер Лю Клер Лю 1:2 Аяқталды Хизер Уотсон Хизер Уотсон Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 2:3 Аяқталды Челси Челси Примейра-лига Футбол Жил Висенте Жил Висенте 2:0 Аяқталды Каза Пия Каза Пия Ла Лига Футбол Малага Малага 1:1 Аяқталды Депортиво Депортиво Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Бүгін Қайсар Қайсар ЮС Опен мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 20:00 Бүгін Жиль-Арно Байи Жиль-Арно Байи Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Лига кубогы Футбол Саутгемптон Саутгемптон 23:45 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Ла Лига Футбол Валенсия Валенсия 00:00 Ертең Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 00:00 Ертең НЕК НЕК Лига кубогы Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 00:00 Ертең Лидс Лидс Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 00:00 Ертең Селтик Селтик

6 сағат бұрын

Тұрсынғали Еділов: Азия ойындарына Абылайхан Жүсіповтің барғаны дұрыс

Тұрсынғали Еділов: Азия ойындарына Абылайхан Жүсіповтің барғаны дұрыс

Фото: Тұрсынғали Еділовтің жеке мұрағатынан

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов Sport12.kz тілшісіне Азия ойындарында 70 келі салмақта Қазақстан атынан кімнің баруы қажеттігі жөнінде пікірін білдірді.

Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.

Қазірге дейін еліміздің ерлер құрамасының толық тізімі белгілі болған жоқ. Соған қарамастан жанкүйерлер арасында Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырханға қатысты пікірталас жүріп жатыр.

- Екеуінің де еліміздің беткеұстар былғары қолғап шеберлері екенін білеміз. Ешқайсысын бөліп жармаймыз. Менің ойымша, Азия ойындарына Абылайханның барғаны жөн деп санаймын. Оның тәжірибесі келіп тұр. Төреханды алдағы Олимпиадаға дайындау керек деп санаймын. Ол жас, сондықтан оны әзірге елдің көзіне көп түсіре бермей, сақтағанымыз артық емес. Абылайхан соңғы әлем чемпионатында жақсы ойын көрсетті. Сондықтан ол формада жүр деген ойдамын. Осыған байланысты Абылайханды Азия ойындарына алып барған дұрыс деп санаймын, - деді Тұрсынғали Еділов.

Сондай-ақ белгілі бапкер дүбірлі дода барысында бокстан қай елдердің Қазақстанға басты қарсылас болатынына тоқталып өтті.

- Әрине, бұл жөнінде алдымен Өзбекстан ойға оралады. Одан кейінгі орындарда Үндістан, Жапония, Моңғолия, Таиланд құрамалары тұр. Қалай десек те біздің құрама үшін қай жекпе-жек те оңайға соқпайды. Біз өз спортшыларымызға сенеміз, олардан медаль күтеміз. Жігіттердің бағы мен бабы қатар шауып, ұлттық құраманың алдына қойған мақсаты орындалады деген сенімдеміз, - деді Т.Еділов.

Азия ойындарында бокс жекпе-жектері 23 қыркүйек-3 қазан аралығына белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын мемлекет және қоғам қайраткері, спорт жанашыры Амалбек Тшанов Informsports тілшісіне Азия ойындарындағы қазақстандық боксшылардың мүмкіндігі жөнінде пікірін білдірді.




Біздің серіктес: Sport12kz