1 күн бұрын
Бокстан Қазақстан чемпионаттарының күнтізбесі жарияланды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан 2026 жылы ел ішінде өтетін ішкі біріншіліктердің уақыты толық белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ересектер арасындағы ел чемпионаты 24 қазан - 1 қараша аралығында Тараз қаласында өтетін болды. Бұған дейін бұл шаһар ел додасын 2014 жылы өткізген еді.
Одан бөлек, басқа жас санаттары бойынша да ел чемпионаттары ұйымдастырылады:
U17 санаты 7-13 қараша аралығында Ақтау қаласында ұйымдастырылады.
U19 санаты 15-22 қараша аралығында Астана қаласында өтеді.
U17 және U19 санатындағы әйелдердің бәсекесі 29 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығына жоспарланған.
2026 жылғы Қазақстан чемпионаттары ұлттық құраманы жасақтау мен халықаралық жарыстарға іріктеу тұрғысынан маңызды дода саналады.
Еске салсақ, бұдан бұрын екі дүркін әлем чемпионы Махмуд Сабырхан туған інісі Төреханмен бірлескен жаттығуын көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz