2 күн бұрын
Әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері Boxing Talks сериясында қонақта болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
6 қыркүйекте Астана қаласындағы OzgeEpic креатив хабында Boxing Talks сериясы аясында «Қазақстандағы әйелдер боксы» тақырыбында бірінші кездесу өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шараның алғашқы қонақтары қатарында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері Назгүл Боранбаева, Наргүл Боранбаева, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы Камила Оспанова және бапкер Жеңіс Оспанов болды.
1,5 сағатқа созылған еркін форматтағы кездесуде қонақтар бокстағы жолы мен тәжірибесі туралы әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында әйелдер боксының дамуы, спортшылардың дайындығы және олардың кәсіби жолындағы қызықты сәттер де сөз болды.
Сонымен қатар қонақтар мен шараға қатысушылар әйелдер боксына арналған арнайы фотокөрмені тамашалады.
Boxing Talks сериясы аясындағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан 2026 жылы ел ішінде өтетін ішкі біріншіліктердің уақыты толық белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz