6 сағат бұрын
Азия ойындарында боксшы Төрехан Сабырхан ширек финалда кіммен шығады?
Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның 2026 жылғы Азия ойындары ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 28 қыркүйекте Ирак боксшысы Әли Әл-Сараимен шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінде қатарлық Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен қапы қалдырды.
Айта кетейік, Сабырхан бірінші айналымнан босатылған болатын. Ал Дбичи 1/16 финалда вьетнамдық Дук Нгок Нгуенді жеңген еді.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Ол 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing әлем чемпионатының жеңімпазы. 2024 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионы, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатын төрт рет жеңіп алған (әлемде жалғыз) спортшы.
Азия ойындарында 21-26 қыркүйек аралығында алдын ала іріктеу кезеңі өтсе, 27-28 қыркүйекте ширек финал, 29-30 қыркүйекте жартылай финал болады. Финал 2 қазанға белгіленген.
Біздің серіктес: Sport12kz